"Бір ел - бір кітап акциясы 2015жыл."
Ілияс Есенберлинің
" Көшпенділер" атты тарихи романы
Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.
Ұлттық академиялық кітапханада академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, 2014 жыл кітабы болып Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" атты тарихи төл туынды таңдалып алынды.
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқырмандарға жеткізуде кітапхана тәжірибесіндегі озық, инновациялық жұмыс түрлерін пайдаланып, бар күш-жігерлерін салуға тырысады. Ол үшін кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер мен саяхаттар, кітапханалық анонс, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу марафондары мен тарихи сағаттар және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
Осындай мәдени шаралар барысында Ілияс Есенберлиннің шығармалары талданып, талқыланатын болғандықтан барлық оқырмандарды, жалпы қала тұрғындары мен қонақтарын бір кісідей «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапхана-бөлімшелерінде өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.